ШҚО-да екі қабатты қонақ үй өртенді
ШҚО-да екі қабатты қонақ үй өртенді
Фото: inform.kz
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында екі қабатты қонақ үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ақсуат ауылында дәмхана мен қонақ үй орналасқан 2 қабатты ғимаратта өрт шыққан. Қызыл жалын шатырдың ағаш құрылымдары мен қонақ үй бөлмелеріндегі жиһазды шарпыған.
«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Жалын жалпы ауданы 300 шаршы метрді шарпыды. Қазіргі уақытта сол жерде жеке құрамнан 8 адам мен 2 автоцистерна жұмылдырылған. Сонымен қатар Ақжар ауылынан қосымша өрт сөндірушілер келе жатыр. Жергілікті атқарушы орган өкілдері су жеткізуді ұйымдастырды», - делінген ақпаратта.