Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады-18.09.2021
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады-18.09.2021
Фото: newtimes.kz
Бірқатар облыста найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейсе, кейбір өңірде үсік жүреді, — деп хабарлайды "Қазгидромет" Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Ақмола облысының солтүстігінде тұман, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Қостанай, Павлодар облыстарының солтүстік-шығыс және шығысында тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстік және орталығында тұман түседі. Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде, ℅Қарағанды облысының солтүстік және орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.