Бокстан ӘЧ-2021: жүлдегерлерді рекордтық ақшалай сыйақы күтіп тұр
Бокстан ӘЧ-2021: жүлдегерлерді рекордтық ақшалай сыйақы күтіп тұр
© Nice One Productions/Corbis
24 қазан мен 6 қараша аралығында Белградта әуесқойлар арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Онда қазақстандық боксшылар да өнер көрсетеді, — деп жазады Sports.kz. Бұл әлем біріншілігінің басты айырмашылығы – жүлдегерлерге айтарлықтай ақшалай сыйақы берілуінде. Өз тарихында алғаш рет AIBA (Халықаралық бокс федерациясы) бірінші орын үшін боксшыға 100 мың доллар көлемінде сыйақы береді, — деп хабарлайды Aiba.com. Күміс жүлдегер 50 мың АҚШ долларын, ал қола жүлдегерлер 25 мың АҚШ долларынан алады. Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 2 600 000 АҚШ долларын құрады.
«Бұл біздің боксшылар үшін үлкен артықшылық болатынын білеміз. Олар рингте табысқа жетіп қана қоймай, өзін-өзі қамтамасыз етуі керек», — деді AIBA президенті Умар Кремлев.