Өскемен қаласының мас тұрғыны көлікпен дүкенге соғылды, — деп хабарлайды ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы 19 қыркүйекте түнгі сағат 01.00 шамасында болған. ВАЗ автокөлігін тізгіндеген 24 жастағы жігіт жол апатына ұшырады. Рульді басқара алмай қалған ол дүкеннің алдына соғылған. Нарколог дәрігердің қорытындысына сәйкес, ер адам жеңіл дәрежеде мас болған. Сондай-ақ қала тұрғынының жүргізуші куәлігі де жоқ болып шықты. Жол апатынан ешкім зардап шекпеді. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.