Димашқа қазақстандықтардың қолдауы қажет
Димашқа қазақстандықтардың қолдауы қажет
231
оқылды

Бүгін Jas Otan Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев әлеуметтік желілерде King Choice рейтингінде қазақстандықтарды әнші Димаш Құдайбергенге дауыс беруге шақырды. Бұл үндеу жасотандықтар арасында #JasOtanQoldaidy атты челленджге ұласты.

«Күн сайын еліміздің жастары әлемді бағындыруда. Мысалы, қазақстандық шахматшы және халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік төрт дүркін әлем чемпионы және қазіргі уақытта ең үздік шахматшы-қытайлық Хоу Ифаньді жеңіп алды. Imanbek Grammy марапатынан кейін «Жыл жаңалығы» санатында танымал GQ ерлер журналының «Жыл адамы 2021» сыйлығын иеленді. Әрине, бұл шыңдарға отандастарымыздың қолдауы арқасында қол жеткізіледі. Сіздерді қазақстандық жастардың тағы бір өкілі, тамаша дауыс иесі – Димаш Құдайбергенді қолдауға шақырамын. Қазір Димаш тағы да King Choice рейтингінде Азиядағы ең тартымды адам атағына үміткер болып отыр. Байқау 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Димаш Құдайберген бүкіл әлем бойынша жанкүйерлер армиясы бар оңтүстік кореялық BTS тобының солисінен кейін екінші орында. Бірақ ортақ күш-жігерімізбен Димашты 1-орынға шығара алатынымызға сенімдімін. Сіз өз дауысыңызды https://kingchoice.me/the-100-most-attractive-asian-celebs-2021/dimash-kudaibergen сайтында бере аласыз. Дауыс беру ережелерін @jas_otan Instagram және Facebook парақшаларынан көруге болады. Қазақстандықтардың ортақ күш-жігерімен біз байқауда жеңіске жетуге көмектесеміз деп сенемін!» – деп жазды ол.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Нұржан Жетпісбаев (@nurjan_jetpisbai)