Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жоба диагнозды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Небәрі 10 минутта диагноз қойып, аурудың алдын алуға болады.
«Алматы қаласынан Нейрохирургия орталығының жетекшісі Мыңжылқы Бердіходжаева, Нұр-Сұлтан қаласынан қазақстандық нейрохирургия орталығының төрағасы Азат Шпеков келіп, 11 ота жасады. Жоғары технологиялы операцияға жергілікті нейрохирургтар қатысып, тәжірибе жинады», – деді басқарма өкілі.
Бұған дейін жаңа туған сәбидің жүрегіне ота жасап, аман алып қалған дәрігерлер туралы жазған болатынбыз.