Екі көлік соқтығысып, жүргізуші қаза тапты
Екі көлік соқтығысып, жүргізуші қаза тапты
Фото: luki-news.ru
103
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 18 қыркүйек күні Бәйтерек ауданы аумағында болды.

Сағат 09.00-де Орал-Кирсанов жолы бойында, Трекин ауылы тұсында 1991 жылғы ер адам жүргізіп келе жатқан Opel мен Lada Priora  автокөлігі (1994 жылғы жүргізуші) қақтығысқан.

Апат салдарынан екі жүргізуші де ауруханаға жеткізілді. Кейін Lada Priora көлігінің жүргізушісі жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Көлік апаттың себебін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.