Қылмыстық схеманы инспекция бөлімдерінің бірінің басшысы ұйымдастырған. Аталған лауазымды тұлғалар өңірдегі жалпы қамқорлық пен кедергісіз жүріп-тұру үшін жүк тасымалдау саласындағы кәсіпкерлерден пара алған.
Пара сомасы 10 000-нан 50 000 теңгеге дейін болған. Оны жүк көлігі жүргізушілері қол алысу кезінде инспекция қызметкерлеріне беріп отырған. Алынған паралардың күнделікті айналымы 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейін болған. Барлығы ақша аударымының 20-дан астам оқиғасы құжатталды. 4 адамға қатысты сот «қамауға алу» бұлтартпау шарасын таңдады, қалған лауазымды тұлғалар кінәсін толық мойындады. Жемқорлықтың жолын кесу үшін Агенттік кешенді жұмыс жүргізіп жатыр.