Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Фото: tirshilik-tynysy.kz
283
оқылды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Қазақстанда коронавирус таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 1-тармағының және 104-бабы 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, қаулы етемін:
  1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына (бұдан әрі - № 38 БМСДҚ) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) № 38 БМСДҚ-ның 3-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын; 2) № 38 БМСДҚ-ның 12-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын науқастардан материал алу және тасымалдау кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды, осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес COVID-19 ошақтарында дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуді»; 3) № 38 БМСДҚ-ға 35-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы 2021 жылғы 20 қыркүйекте сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.