Рolisia.kz-тің хабарлауынша, Түркістан облысында полицейлер 1,5 миллион теңгенің ұялы телефонын ұрлаған Алматы облысының тұрғынын ұстады.
Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Арызында өзінің сауда үйінен түнде үш бірдей iPhone 12 ұялы телефон ұрланғанын көрсеткен. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, күдіктіні ұстады. Ұрының Алматы облысының тұрғыны екені анықталды. Күдікті жәбірленушінің қоластындағы жұмысшысы екені белгілі болды. Ұры үш ұялы телефонды арзан бағаға сатқан. Шығын көлемі – 1 500 000 теңге. Тергеу жүргізіліп жатыр.