Ақшасы бар адамдар қаржысын қайда сақтап жатыр?

Ақшасы бар адамдар қаржысын қайда сақтап жатыр?

Былтырдан бастап қазақстандықтар бағалы қағаздар нарығына қызығушылық таныта бастаған. Елдің қор нарығында бөлшек инвесторлар санының өсуі байқалады. Негізінен, бұл – бар ақшасын көбейтуді ойлайтын тұрғындар.

2018-2019 жылдары бөлшек инвесторлар шотының саны 120 мыңға жуық болса, былтыр 130 мыңнан асқан, ал биыл маусымда олардың саны 176,5 мыңға жеткен. Бұл - Қазақстанның жұмыспен қамтылған азаматтардың шамамен 2%-ы. Сонымен қатар халық арасында жарна ұстаушылардың саны – 3,3 мың адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Мәселен, Halyk Finance, BCC Invest және First Heartland Jusan Invest-тің инвестициялық қор жарнасы жоғары сұранысқа ие.

Бұған дейін Қазақстанда алтын құйма сатып алатындар саны көбейгенін хабарлаған болатынбыз.