Баласына бас-көз бола алмаған 500 ата-ананы жауапқа тартты
Баласына бас-көз бола алмаған 500 ата-ананы жауапқа тартты
Фото: theworldnews.net
«Бала тәрбиелеуде өз міндетін орындамаған 600-ден астам ата-ана анықталды. Есепке алынғандардың ішінде 500-ден астамы баласының құқығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. «Жасөспірім» іс-шарасы 5 мыңнан астам мектеп пен 600 колледжді қамтыды. Оқушылар мен студенттердің адам құқығы тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ, полицияда есепте тұрған жасөспірімдер мен бала тәрбиесіне салғырт қарайтын отбасыларға рейд жүргізілді», – деді Нұрділдә Ораз.

Бұған дейін кішкентай үш баласын қараусыз қалдырып кеткен әйел туралы жазған болатынбыз.