Рафаэль Ниязбек дүниеден өтті
Рафаэль Ниязбек дүниеден өтті
Фото: massaget.kz

Ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбек дүниеден өтті.

Рафаэль Ниязбек 1978 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған. 1967 жылы Қазақ радиосы әдебиет редакциясында қызметке орналасқан. 1971-1977 жылдары «Жұлдыз» журналында, 1977-1991 жылдары «Жазушы» баспасында редактор болып істеген. 1972 жылы сыншылардың Бүкілодақтық кеңесіне қатысқан. Қазақстан Жазушылар одағының I. Жансүгіров атындағы сыйлығы, Шешенстан Республикасы Жоғарғы мемлекеттік «Ұлт намысы» орденінің иегері. Шешенстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Б. Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері, Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бірінші жүлдегері.