Жертөледегі жарылыстан зардап шеккен екі ер адам ауруханада қайтыс болды
Жертөледегі жарылыстан зардап шеккен екі ер адам ауруханада қайтыс болды
Фото: mail.kz
152
оқылды

Бұл туралы Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«Өкінішке қарай, Бородин көшесіндегі жарылыстан зардап шеккен екі ер адам ауруханада қайтыс болды. Қатты күйік шалған 1995 жылғы ер адам кеше сағат 23:00 шамасында қайтыс болды. 1984 жылғы науқас бүгін таңғы сағат 5-те дүние салды» делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін 17 қыркүйекте жеке үйдің жертөлесінде болған жарылыс туралы жазған болатынбыз.