Үйінде 20 қап есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Үйінде 20 қап есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Фото: tuapsevesti.ru
248
оқылды

Алматы облыстық Полиция департаменті Экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің бірлескен операция барысында 49 жастағы Алакөл ауданының тұрғынын ұсталды.

Тексеру барысында үйінен жалпы салмағы 17 келіден асатын 20 қап есірткі табылды.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 296-бабы, 4-бөлігі заңсыз есірткі тасымалы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.