Алматы облыстық Полиция департаменті Экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің бірлескен операция барысында 49 жастағы Алакөл ауданының тұрғынын ұсталды.
Тексеру барысында үйінен жалпы салмағы 17 келіден асатын 20 қап есірткі табылды.Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 296-бабы, 4-бөлігі заңсыз есірткі тасымалы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.