Университетте студенттерге оқ жаудырған кім екені белгілі болды
Университетте студенттерге оқ жаудырған кім екені белгілі болды
Пермь университетінде оқ жаудырған адам студент болып шықты. Ол құқық қорғау органдарына қарсылық танытып, қарумен оқ атуын тоқтатпады, соның салдарынан өзі жарақаттанып ұсталды, – деп хабарлады Russian.rt.com.  
«Ұсталу кезінде ол қарсылық танытқандықтан жарақаттанды», – деп хабарлады РФ Тергеу комитеті.
Тергеу комитетінің хабарлауынша, оқиға салдарынан 8 адам көз жұмды. Өңірлік Денсаулық сақтау басқармасы 14 адамның жарақаттанғанын хабарлады. Бұған дейін Ресейдің Пермь мемлекеттік университеті корпустарының бірінде белгісіз біреу оқ жаудырып, 8 адам көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.