Белгілі тележурналист Қымбат Досжан жаңа қызметке тағайындалды
Белгілі тележурналист Қымбат Досжан жаңа қызметке тағайындалды
© youtube.com
736
оқылды
«Balapan» телеарнасының директоры болып журналист, тележүргізуші Қымбат Досжан тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық арнасының Instagram парақшасында хабарлады.
Қымбат Досжанның қазақ телевизиясында 40 жылға жуық уақыт тәжірибесі бар. «Qazaqstan» телеарнасы Жаңалықтар қызметінің продюсер-жүргізушісі, Қазақ радиосының жүргізушісі, Қазақ радиосының Бас редакторы міндеттерін атқарды. Қазіргі уақытта «Qazaqstan» телеарнасындағы «Қымбат жандар» авторлық әлеуметтік бағдарламасының жүргізушісі.
«Телерадиокорпорация салада, оның ішінде, Корпорация құрамындағы теле және радиоарналарда ұзақ уақыттан бері қажырлы еңбек етіп келе жатқан мамандарға үнемі басымдық береді. Бүгінгі тағайындаулар да осы ұстаным бойынша жүзеге асып отыр», - деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.
Бұған дейін отандық балалар теларнасының директоры қызметін журналист Мақпал Жұмабай атқарды. Телерадиокорпорациясы басшылығының шешімімен ол «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Басқарма төрайымының орынбасары қызметіне тағайындалды.