Жамбыл облысы жасыл аймаққа өтіп, инфекциялық стационарлар жабылып жатыр
Жамбыл облысы жасыл аймаққа өтіп,  инфекциялық стационарлар жабылып жатыр
320
оқылды
Жамбыл облысы коронавирус кеселіне байланысты  жасыл аймаққа өтті.  Аурушаңдықтың төмендеуінен   облыстық көпбейінді аурухана мен Байзақ аудандық орталық ауруханасында ашылған  инфекциялық стационарлар  жабылды. Апта басынан бастап  олар жоспарлы режимде бейінді медициналық көмек көрсетеді. Сондай-ақ,  Жамбыл аудандық орталық ауруханасы мен Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында инфекциялық төсектер саны қысқартылды.  Дәл қазір коронавирустық инфекцияны жұқтыру бойынша өңірде барлығы - 19 425  жағдай тіркелген.  Оның 18244-і дертінен сауығып шықты. Инфекциялық стационарларда - 702, жансақтау бөлімінде - 81  науқас ем қабылдап жатыр. Өткен тәуліктерде  КВИ-дың 56 (тәуліктің өсім 0,3%),  пневмонияның 6 жағдайы (тәуліктің өсім 0,1%) тіркелді. Аурушаңдықтың төмендеуіне байланысты инфекциялық төсектер саны 2274-тен 1810-ға дейін азайды. Бүгінде вакцинаның бірінші компонентін – 453347 адам салдырса, бұл егілуге жататын 582 мың адамның 77,9 пайызы. 316 915 адам екі компонентін де қабылдады. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер  жоқ.  

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы