Кирилл Герасименко ITTF Kazakhstan International Open турнирінің 2 дүркін жеңімпазы атанды
Кирилл Герасименко ITTF Kazakhstan International Open турнирінің 2 дүркін жеңімпазы атанды
148
оқылды
Үстел теннисінен Қазақстан командасының мүшесі Кирилл Герасименко Қарағандыда өткен 2021 ITTF Kazakhstan International Open турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.  Қазақстандық спортшы өзінің әлем үздіктері қатарында екенін дәлелдеді. Финалда үндістандық Снехит Сураважжулаға қарсы ойнаған Кирилл 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Кирилл Герасименко турнирдің екі дүркін чемпионы атанды. Бұған дейін ол Алан Құрманғалиевпен жұптасып өнер көрсетуден топ жарған болатын.