ШҚО тұрғынынан қолдан жасалған қарулар табылды
ШҚО тұрғынынан қолдан жасалған қарулар табылды
277
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында 56 жастағы ер адам үйде қолдан қару жасаған. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікке іліккен азаматтың үйінде тінту жүргізген.
"Нәтижесінде 56 жастағы ер адамның тұрғылықты жерінен, омартасынан 100-ден аса оқ-дәрі мен алты түрлі қару тәркіленді, оның ішінде 5,6 миллиметр патронмен атуға арналған қолдан жасалған тапанша, қолдан жасалған, калибрі 5,6 миллиметр мылтық, тіркелмеген 28 және 12 миллиметрлік екі ТОЗ-34 мылтығы, сондай-ақ қарудың әртүрлі компоненттері тәркіленді. Қамауға алынған адамның айтуынша, қарудың бір бөлігін қолөнер әдісімен үйде жасаған," – делінген хабарламада.