Алматылық атқышты ұстаған сәттің видеосы жарияланды
Алматылық атқышты ұстаған сәттің видеосы жарияланды
Фото: zakon.kz
260
оқылды
Әлеуметтік желіде алматылық атқыштың ұсталған видеосы пайда болды. Қайғылы оқиға бүгін шамамен 17.00-де екі адамның меншік құқығына қатысты дауы бойынша сот шешімін орындау кезінде болған. Сот шешімімен танысқан соң жергілікті тұрғын үйге жүгіріп барып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Бес адам, оның ішінде қызметте болған екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, көз жұмды. https://www.youtube.com/watch?v=1lRGpHY9uxg Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиға болған жерді полиция қоршауға алды. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.