Ақтөбеде жол апатынан нәресте көз жұмды

Ақтөбеде жол апатынан нәресте көз жұмды

Ақтөбеде бірнеше көлік соқтығысып, екі айлық сәби алған жарақатынан шетінеп кетті. «LADA Priora» автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласындағы Кеңес Нокин даңғылымен жүріп келе жатып, қозғалыс бағытын өзгертер кезінде өзгеге жол бермей, «DaimlerChrysler 1117» көлігімен соқтығысты. Салдарынан «LADA Priora» автокөлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, «ГАЗель» автокөлігімен соқтығысқан. Ал бағытын өзгертке «ГАЗель» көлігі «Ваз 2115» автокөлігіне барып соқтыққан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «LADA Priora» автокөлігінің салонында болған екі айлық сәби Ақтөбе қаласындағы орталық балалар ауруханасына жатқызылды. Ол кейін есін жимастан шетінеп кетті. Ал 23 жастағы ақтөбелік жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды. Айта кетейік, жыл басынан бері облыс жолдарында 384 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 70 адам қаза тапты, 508 адам жарақат алды.