Қазақстанның бірінші ракеткасы 20 жастағы Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде үздік он бестікке жақындады, – деп хабарлайды Vesti.kz. Теннисші карьерасында алғаш рет 16-шы орынға көтеріліп, жеке рекордын жаңартты. Бұл Қазақстан үшін жаңа рекорд. Еліміз үшін ұзақ уақыт 25-ші орын рекорд болып келді, бұл сатыға 2012 жылы 29 қазанда Ярослава Шведова көтерілген. Осыған дейін қазақстандық теннисшілерден ешкім 16-шы орынға жетпеді. WTA рейтингінде көшбасшы Эшли Барти (Аустралия, 10075 ұпай), Арина Соболенко (Беларусь, 7720) және Каролина Плишкова (Чехия, 5315). Еске салайық, US Open-2021 жарысында Рыбакина үшінші айналымға жетті.