Көңіл айтты
Көңіл айтты
© 24.kz
113
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбектің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады. «Көрнекті қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбектің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Рафаэль Ниязбек ұзақ жылдар «Жазушы» баспасында жемісті жұмыс істеді. Еліміздің рухани-мәдени байлығын арттыруға көп үлес қосты. Шығармашылық жолдағы табыстары да өте мол. Тартымды туындылары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды, әдеби сыйлықтарға ие болды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – делінген жеделхатта.