Телефон арқылы сөйлесті
Телефон арқылы сөйлесті
104
оқылды

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Мемлекеттік Дума Федералды Жиналысының VIII шақырылымына сайлау науқанының сәтті өтуімен құт­тықтады. Сайлау нәтижесі Ре­сейдің ішкі саяси тұрақтылығын нығайту үшін аса маңызды деп есептейді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Пермь мем­ле­кеттік ұлттық зерттеу универ­си­тетінде болған қанды оқиғаның салдарынан адамдардың қаза болуына бай­ланысты көңіл айтты. Әңгімелесу барысында мем­лекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-эко­номикалық қатынастардың қар­қынды дамуын оң бағалап, Көк­шетауда 30 қыркүйекте өтетін Өңіраралық ынтымақтастық фору­­мының маңыздылығына және оның мазмұнды әрі сапалы болуына баса назар аударды. Қазақстан мен Ресей бас­шылары 16-17 қыркүйек күндері Душанбеде өткен ҰҚШҰ мен ШЫҰ саммиттері аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін іс-қимылдарды үйлестіруге дайын екендерін нақтылады.