«Дүйсенбілік футбол» турнирі өтті
«Дүйсенбілік футбол» турнирі өтті
171
оқылды

Ғ.Мұратбаев атындағы орталық ста­дионның қосал­қы алаңында базар мен сауда орындарында жұмыс істейтін, NEET санатындағы және өзін-өзі жұ­мыспен қамтыған жұмысшы жастар арасында облыстық «Дүйсен­білік футбол» турнирі өтті. Аталған іс-шара Қызыл­­орда облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, «Jas Otan» Жас­тар қанаты Қызылорда об­лыстық филиалының  ұйым­дастыруымен жүзеге асырылды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Кеңес орталығы» жобасы аясында ұйымдастырылған тур­нирдің мақсаты – өзін-өзі жұмыс­пен қамтыған және NEET сана­тындағы жастарды топтастыра отырып, салауатты ұлт қалып­тастыру және түрлі сала маман­дарының кеңесі арқылы бағыт-бағдар беру. – Турнир басталар тұста «Отбасы банк» Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы, облыстық кәсіпкерлер палатасы, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлері ойын қатысу­шыларына түсіндірме жұмыс­тарын жүргізді. «Дүйсенбілік футбол» турнирінің хабарландыруы әлеуметтік желіге жария­ланған сәттен бастап өтінім білдірген командалар көп болды. «Мечта», «Смарт shop», «Радуга-1» сауда үйлері, «Жарық үйі», «Сыбаға-1» базарларының жастары, сондай-ақ Сырдария, Қазалы аудандарынан өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар да қатысуға ниет білдірді. Облыстық турнирде 14 команда бақ сынады. Бүгінгі финалдық турнирде үздіктерін анықтайтын боламыз, – деді «Jas Otan» Жастар қанаты облыстық филиалының  төрағасы М.Жорабек. Марапаттау рәсімінде «Nur Otan» партиясы ҚОФ «Саяси жұмыстар» бөлімінің басшысы Г.Бақытжанқызы, «Абзал и К» ТС директоры М.Ералиев, Biali спорт дүкенінің директоры А.Шәу­кенбаев сөз сөйлеп, жеңімпаздарға қаржылай сертификаттарын табыс етті. Екі аптаға созылатын «Дүй­сенбілік футбол» турнирінің қоры­тындысы бойынша жүлделі І орынға «Ағайын» командасы, ІІ орынға «Абзал и К», ІІІ орынға «Сыбаға-2» командасы ие болды. Сондай-ақ  «Үздік ойыншы»,  «Үздік қақпашы, «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша үздік ойыншыларға арнайы кубок пен мадақтама қағаздарымен мара­па­тталды. Айта кетейік, жүлде қоры – 600 000 теңге. Аталған іс-шараның сапалы өтуіне Қызылорда облыс­тық Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қызылорда қалалық мәслихаты, «Абзал и К» компаниясы, Biali спорт дүкені, Qosyl қала­лық жастар ресурстық орта­лығы  қолдау білдірді. Сонымен қатар Coca-Cola, GGG компания­сының филиалдары ойыншыларға сусындар таратты.

А.ЖАСАН