Дәрігерлер жүрегі екі рет тоқтаған науқасты аман алып қалды
Дәрігерлер жүрегі екі рет тоқтаған науқасты аман алып қалды
Фото: inbusiness.kz
152
оқылды

Атырау облысы Жылыой ауданының тұрғынын дәрігерлер 20 минутта клиникалық өлімнен аман алып қалды.

«Біз үйіне барғанда клиникалық өлімнің анық белгілері болды. Содан шұғыл реанимациялық шараларды бастап кеттік. Сол кезде пациенттің жүрегі екі рет тоқтап қалды. Алайда кәсіби медициналық көмек пен дефибрилятордың көмегімен аман алып қалдық», – деді 22 жастағы фельдшер Ерлан Жасанов.

Жедел жәрдем құрамында Айгүл Тұрабаева, Жанаргүл Заулекенова, Қадыр Ибрагим мен Ерлан Жасанов болған.   [caption id="attachment_162196" align="aligncenter" width="1200"] width= Фото: atpress.kz[/caption] Дәрігерлер оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосып, аурухана жеткізді. Жансақтау бөлімінде қажетті ем алып жатыр.