Атырау облысы Жылыой ауданының тұрғынын дәрігерлер 20 минутта клиникалық өлімнен аман алып қалды.
Жедел жәрдем құрамында Айгүл Тұрабаева, Жанаргүл Заулекенова, Қадыр Ибрагим мен Ерлан Жасанов болған. [caption id="attachment_162196" align="aligncenter" > Фото: atpress.kz[/caption] Дәрігерлер оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосып, аурухана жеткізді. Жансақтау бөлімінде қажетті ем алып жатыр.«Біз үйіне барғанда клиникалық өлімнің анық белгілері болды. Содан шұғыл реанимациялық шараларды бастап кеттік. Сол кезде пациенттің жүрегі екі рет тоқтап қалды. Алайда кәсіби медициналық көмек пен дефибрилятордың көмегімен аман алып қалдық», – деді 22 жастағы фельдшер Ерлан Жасанов.