Жүк көлігінің жанында тұрған 3 адам қаза тапты
Жүк көлігінің жанында тұрған 3 адам қаза тапты
Фото: Polisia.kz

19 қыркүйек күні шамамен сағат таңғы 05.50-де Сауран АПБ-ға жүк көліктері соқтығысқаны туралы хабарлама түскен. Полицейлер оқиға орнына жедел жетті.

Оқиға болған аумақты мұқият қарап, тиісті тексеру жүргізді. Анықталғандай, Шымкент-Самара трассасының 135-шақырымында DAF 460 маркалы көлігінің жүргізушісі Шымкент қаласынан Түркістанға қарай бара жатып, жолдың жиегінде тоқтап тұрған келесі бір DAF 105 маркалы жүк көлігін қағып кеткен. Соның салдарынан тоқтап тұрған ауыр жүк көлігінің жанында тұрған үш адам оқиға орнында қаза тапты.   [caption id="attachment_162200" align="aligncenter" width="677"] width= Фото: Polisia.kz[/caption]

DAF 460 маркалы көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.