49 жаста да ана атануға болады
49 жаста да ана атануға болады
©liter.kz

Қазір көп қыз-келіншектеріміз – жұмысбасты. Мансап қуып, ана болу бақытын кейінге қалдыратындар да жоқ емес. Не болмаса жақсы жігіт табамын деп, уақыт өткізіп алатындар да бар. Соған қарамастан әр арудың арманы – ана атану. Сондықтан әйел адамның неше жасқа дейін босануы мүмкін деген сұраққа мамандарымыз жауап берді.

Бала тууды 35 жасқа дейін жоспарлаған дұрыс

Салтанат Байқошқарова, репродуктолог-эмбриолог: [caption id="attachment_162213" align="alignnone" width="1075"]әйел ©astana-akshamy.kz[/caption] – Әрине, 25 жасқа жетпей тұрмыс құрып, 30 жасқа дейін 1-2 баланың анасы атанғанға не жетсін?! Өкінішке қарай, қазір 30-дан асып отбасы құрып жатқандар көп. Кеш ұрпақты болу, кеш отбасын құру сияқты бұрын қазақтың психологиясында болмаған, менталитетіне жат дүниелер дендеп кіріп алды. Сондықтан әйел бала тууды негізінен 35 жасқа дейін жоспарлағаны дұрыс. Қыздарға айтарым, жас кездеріңде күйеуге шығып, үйленіп, бала туып алыңдар. Өйткені уақыт зымырап өте шығады. Адамның ұрығы шектеулі. Жас ұлғайған сайын ұрық та азаяды. Әйел адам тұрмысқа шыққаннан кейін біраз жыл бала көтермесе, уақытты босқа жібермей, репродуктолог-дәрігерге көрінуі керек. Тіпті ЭКҰ жасауға да жасқа шектеу қойылады. Өйткені 40-тан асқан әйелдің жатырында эмбрионның тоқтауы қиын болады. Дегенмен де жүкті болудың жылдам жолы – осы ЭКҰ.

Әйел ұрығының қоры біткенше бала сүйуі мүмкін

Айдана Қазиева, гинеколог: әйел Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  зерттеуінше, ең репродуктивті жас – 18-49. Ал әйелдің 44 жастағы азғасы әлі жас деп табылған. Сондықтан қыз-келіншектердің 30-40 жасында ана атануы қалыпты дүние.  Дәрігер ретінде айтарым, жалпы әйел ұрығының қоры біткенше, яғни климакс келгенше жүкті бола алады. Арғысын бұл мәселе әр адамның денсаулығына байланысты қаралуы тиіс.

40 жастан кейін босану – ауыр

 Жанар Қалыбайқызы, отбасылық дәрігер: әйел Негізі бала көтерудің ең қолайлы кезеңі ретінде 18-25 жас аралығы деп көрсетілген. Одан кейін бұл мүмкіндік төмендей бастайды. Әрине, 40 жаста бала көтеру мүмкін. Тіпті, одан кейінгі жаста да әйел босана алады. Бірақ ол кезде бала көтеруі ауыр, әрі түрлі аурулары асқынуы мүмкін. Өйткені 30 жасқа дейін созылмалы аурудың бірнеше түріне шалдыққан әйелге бала көтеру рұқсат етілмейді.