Қазір көп қыз-келіншектеріміз – жұмысбасты. Мансап қуып, ана болу бақытын кейінге қалдыратындар да жоқ емес. Не болмаса жақсы жігіт табамын деп, уақыт өткізіп алатындар да бар. Соған қарамастан әр арудың арманы – ана атану. Сондықтан әйел адамның неше жасқа дейін босануы мүмкін деген сұраққа мамандарымыз жауап берді.
Бала тууды 35 жасқа дейін жоспарлаған дұрыс
Салтанат Байқошқарова, репродуктолог-эмбриолог: [caption id="attachment_162213" align="alignnone" > ©astana-akshamy.kz[/caption] – Әрине, 25 жасқа жетпей тұрмыс құрып, 30 жасқа дейін 1-2 баланың анасы атанғанға не жетсін?! Өкінішке қарай, қазір 30-дан асып отбасы құрып жатқандар көп. Кеш ұрпақты болу, кеш отбасын құру сияқты бұрын қазақтың психологиясында болмаған, менталитетіне жат дүниелер дендеп кіріп алды. Сондықтан әйел бала тууды негізінен 35 жасқа дейін жоспарлағаны дұрыс. Қыздарға айтарым, жас кездеріңде күйеуге шығып, үйленіп, бала туып алыңдар. Өйткені уақыт зымырап өте шығады. Адамның ұрығы шектеулі. Жас ұлғайған сайын ұрық та азаяды. Әйел адам тұрмысқа шыққаннан кейін біраз жыл бала көтермесе, уақытты босқа жібермей, репродуктолог-дәрігерге көрінуі керек. Тіпті ЭКҰ жасауға да жасқа шектеу қойылады. Өйткені 40-тан асқан әйелдің жатырында эмбрионның тоқтауы қиын болады. Дегенмен де жүкті болудың жылдам жолы – осы ЭКҰ.Әйел ұрығының қоры біткенше бала сүйуі мүмкін
Айдана Қазиева, гинеколог:40 жастан кейін босану – ауыр
Жанар Қалыбайқызы, отбасылық дәрігер: