Көкшетауда кітапхана басшылығы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды
Көкшетауда кітапхана басшылығы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды
© Sputnik / Абзал Калиев

Көкшетауда қалалық кітапханалар жүйесінің басшылығы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды. Сыбайлас жемқорлық фактісі Ақмола облысы прокуратурасы жүргізген тексерістер нәтижесінде мәлім болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Қалалық кітапхананың басшылығы жалақы және басқа да төлемдерді жалақының негізінде басшылық пен қызметкерлердің шотына жалған арыздар негізінде аударып отырған болып шықты. «Қылмыстық әрекетке мекеменің ондаған қызметкерлері мен басшылардың туыстарының да қатыстылығы анықталды. Тексеру нәтижелері мен жинақталған дәлелдемелер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жолданды», – деді Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен. Екі ай бойы жүргізілген қылмыстық істі тергеп-тексеру жұмыстары айыптау актісімен сотқа жіберілген. «Көкшетау қалалық сотының 2021 жылғы 16 шілдедегі үкімімен мекеме директоры мен оның орынбасарына жалпы сомасы 3.8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Аталған тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте және ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырылды», – деп толықтырды Ақмола облыстық прокуратурасынан.

Сот үкімі 2021 жылғы 3 тамызда заңды күшіне енді.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы