Қазақстан 16 елге әуе қатынасын ашты
Қазақстан 16 елге әуе қатынасын ашты
Фото: Planespotters.net
134
оқылды

27 қыркүйектен бастап Қазақстанда карантин жеңілдеп, 16 елмен әуе қатынасы қайта жанданады. Мұндай шешімді COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.

Әуе қатынасы қайта жандандыратын 16 елдің ішінде Ресей, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Германия, Мальдив, Корея, Польша, Венгрия, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Сауд Арабиясы, Кувейт және Әзербайжан бар.

"Денсаулық сақтау министрі елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып жатқанын, кейінгі 2 аптада сырқаттану және өлім-жітім деңгейі 60%-ға төмендегенін айтты. Осыған байланысты ВАК 16 елмен әуе қатынасын қалпына келтіру және ұлғайту туралы шешім қабылдады", – делінген ВАК хабарламасында.

Сонымен бірге эпидемиологиялық жағдайы жақсы және халқының көп бөлігін вакцина алған 30 елмен Қазақстанға кіру үшін визасыз режимді қалпына келтіру туралы шешім қабылданды: Италия, Нидерланды, Франция, Германия, Испания, Жапония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Польша, Дания, Чили, Венгрия, Корея, Чехия, Бахрейн, Катар, Монако, Кипр, Исландия, Финляндия, Мальта, Швеция, Португалия, Лихтенштейн, Словакия, Люксембург, Канада, Сингапур, Бельгия. Вакцинацияның қолжетімділігін арттыру мақсатында әкімдіктерге әуежайларда, теміржол вокзалдарында, ірі базарларда тиісті пункттер ұйымдастыру тапсырылды.