Нұр-Сұлтанда ғимараттардың бірінен өрт шықты
Нұр-Сұлтанда ғимараттардың бірінен өрт шықты
404
оқылды
Нұр-Сұлтанда Тұран даңғылындағы әкімшілік ғимаратынан өрт шықты, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"18 сағат 33 минутта Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37/10 мекенжайында орын алған өрт орнына жеке құрамның 44 адамы мен 11 техникасы құрамында жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты. Алдын ала ақпарат бойынша ғимараттың шатыры және қаптауы жануда. Шақырту орнына өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін дереу жетті. Қазіргі уақытта барлау жұмыстары жүргізілуде", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
 width= Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен өрт 19 сағат 10 минутта ауыздықталды, өрттің алдын ала ауданы 60 шаршы метрді құраған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.