Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды-21.09.2021
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды-21.09.2021
Фото: zhalagash-zharshysy.kz
Қазгидромет 22 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын жасады. Қостанай облысының солтүстігінде және солтүстік-батысында, Ақмола облысының солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз Түркістан облысында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Күндіз Батыс Қазақстан облысында, Атырау облысының оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Жамбыл облысының тау және таулы аудандарында топырақ бетінде 2-4 градус үсік күтіледі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, батысында, орталығында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында,  батысында және орталығында, Батыс Қазақстан облысының шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Нұр-Сұлтанда аздаған қар жаууы ықтимал, күндіз +10, +13, түнде -1, -3 градус болады.