Қарағандыда шикізат өңдеу кәсіпорнында өрт шықты
Қарағандыда шикізат өңдеу кәсіпорнында өрт шықты
Фото: Видеодан скриншот
155
оқылды
Қайта өңдеу кәсіпорнының аумағында өрт шықты. Өрт сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды.
"Шикізат өңдеу ЖШС аумағында пайдаланылған автошиналар өртеніп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт аумағы - 300 шаршы метр. Өртті сөндіруге ТЖД күштері жұмылдырылды", - деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. https://www.youtube.com/watch?v=htH5dJ9AQjk&t=37s