Қайта өңдеу кәсіпорнының аумағында өрт шықты. Өрт сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды.
"Шикізат өңдеу ЖШС аумағында пайдаланылған автошиналар өртеніп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт аумағы - 300 шаршы метр. Өртті сөндіруге ТЖД күштері жұмылдырылды", - деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. https://www.youtube.com/watch?v=htH5dJ9AQjk&t=37s