Мектептерде "вакцина шашады" деген қауесет тарады
Мектептерде "вакцина шашады" деген қауесет тарады
Фото: newstracker.ru
147
оқылды
Желіде қазақстандық мектептерде "вакцина шашады” деген жалған ақпарат тарап жатыр. Автордың айтуынша, осыдан кейін бүкіл елде балалар ауырып, жаппай өлім дерегі көбейеді, - деп хабарлайды Stopfake.kz. What‘sApp мессенджерінде балаларға арналған жұқпалы аурулар бөлімшелерінде төсек-орын дайын екені туралы аудио-хабарлама тарап жатыр. Автордың айтуынша, мектептерде "вакцина шашылғаннан" кейін, балалар жататын төсек-орын қажет болады. Балалар жаппай ауырып, өле бастайтыны айтылады. Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.
"Балаларға арналған қосымша инфекциялық төсек-орын дайындау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінде керісінше, сырқаттанушылық төмендеуіне байланысты жұқпалы аурулар стационарлары жабылып жатыр. Сондай-ақ, бөлмеде бүрку арқылы қолданылатын вакцина жоқ", - деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.