Полицей краннан секірмек болған әйелді құтқарып қалды - Видео
Полицей краннан секірмек болған әйелді құтқарып қалды - Видео
Фото: polisia.kz
Тараздық полицей краннан секірмек болған әйелді құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 19 қыркүйек сағат 21:00-де Тараз қаласының Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының кезекші бөліміне “102” телефонына хабарлама келіп түсті. https://www.youtube.com/watch?v=sP1aExlYPqw Қоңырау шалушы облыс орталығының 15-шағынауданының аумағында белгісіз әйел биік құрылыс кранынан секіруге тырысып жатқанын айтқан. Оқиға орнына дереу шыққан патрульдік экипаж құрылыс кранының ең биік жерінде отырған әйелді көріп, оны құтқарып қалған. Бұдан әрі тәртіп сақшылары әйелдің мас күйде болғандықтан, өз іс-әрекеттеріне есеп бермегенін анықтады. Полицейлер оны көрсетілген мекенжай бойынша үйіне апарып, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын өткізді.