Өндіріс орындарында 8 айда 114 адам қаза тапты
Өндіріс орындарында 8 айда 114 адам қаза тапты
Фото: zen.yandex.ru
141
оқылды

Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті хабарлады.

Биыл 8 айда өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан 938 қызметкер зардап шекті, оның 114-і қайтыс болды. Жарақат алғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 2,9%-ға өсті (былтыр 8 айда 912 адам зардап шекті). Жарақат алып, қаза тапқандар саны 12,3%-ға төмендеді (былтыр өндірісте 130 адам қаза тапты). Әсіресе, Қарағанды (169 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (111 адам), Павлодар (77 адам), Қостанай (73 адам), Ақтөбе (72 адам) облыстарында жұмысшылар көп жарақат алады.

Оның ішінде, ең көбі тау-кен-металлургия кәсіпорындарында – 134 адам (19,4%) және құрылыс саласында – 80 адам (11,6%).