Қазақстан шетелдің қай тауарына мұқтаж немесе елдің экспорты мен импорты бойынша кімдер көш бастап тұр?
Қазақстан шетелдің қай тауарына мұқтаж немесе елдің экспорты мен импорты бойынша кімдер көш бастап тұр?
Коллаж: А.Ахметқазы
666
оқылды

Биыл қаңтар-шілде айларында Қазақстандағы тауар айналымы 53,7 млрд. долларға жетті. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 7,4%-ға артық. Қазақстан тауар айналымы бойынша қай елдермен жақсы қарым-қатынаста? Қазақстаннан қай тауар ең көп шығарылады және жеткізіледі?

Finprom.kz дерегінше, Қазақстандағы тауар айналымының басым бөлігін, яғни 59,7% үлесін экспорт құрады. Жыл басынан бері Қазақстан сыртқы нарықтарға 32 млрд. долларға өнім жеткізді. Бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 10,6%-ға артық. Импорт көлемі 21,7 млрд. долларға жетіп, 3%-ға артты. Қазақстанның ең үлкен тауар айналымы Ресеймен байланысты. Бұл елмен биыл қаңтар-шілде аралығында 12,7 млрд. долларға тауар айналымы болған.  Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 26,7%-ға артық. Көшбасшы елдердің үштігінде Қытай (9,8 млрд. доллар.) мен Италия (4,8 млрд. доллар) да бар. Экспорт бойынша Қытай көш бастап тұр. Жыл басынан бері Қазақстан бұл елге 5,5 млрд. долларға тауар жіберген. Экспорттың едәуір көлемі Италияға (4,4 млрд. доллар) және Ресейге (3,9 млрд. доллар) жіберіледі. Ал импорт бойынша Ресей көш бастап тұр. Ресейден біздің елге 8,9 млрд. доллардың тауары кіргізілген. Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда 19,4%-ға артық. Көшбасшылардың үштігінде Қытай (4,3 млрд. доллар) мен Германия (1 млрд. доллар) бар.

Тауар айналымының сомасы бойынша ТОП-10 ел (2021 ж, қаңтар-шілде)

[tablesome table_id='162440'/] Биыл Қазақстаннан ең көп шығарылған тауар - минерал заттар. Оның қаңтар-шілде аралығындағы сомасы 21,4 млрд. доллар болған. Оның ішінде отын-энергетика тауарларының айналымы 18,3 млрд. доллар болды. Минерал заттар Қазақстаннан шығарылатын барлық тауардың 66,7%-ын құрайды. Ал елден шығарылатын металдар мен олардан жасалған бұйымдардың жалпы экспорттағы үлесі - 18,7%. Ал мал және өсімдік өнімдері мен дайын азық-түлік тауарларының үлесі - 6,3%. Биыл қаңтар-шілде аралығында Қазақстанға ең көп әкелінген тауар - машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар. Оның тауар айналымы 8,5 млрд. доллар болған. Ең көп импортталатын тауарлар арасында химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері             (3,7 млрд. доллар) және дайын азық-түлік тауарлары, мал және өсімдік өнімдері  (2,5 млрд. доллар) бар.