Алматы облысында полицейлер жоғалған 30 жылқыны тікұшақпен іздеді
Алматы облысында полицейлер жоғалған 30 жылқыны тікұшақпен іздеді
Фото: massaget.kz

Полицияның мәліметінше, 16 қыркүйекте Көксу ауданы Балпық би ауылының 49 жастағы тұрғыны өзінің құны 12,2 миллион теңге болатын 30 жылқысының жоғалғанына шағымданған.

Мал төрт күннен кейін биік тау бөктеріндегі Омар жайлауынан табылды.

«Жоғалған жылқыларды іздеуге жұмылдырылған 15 полиция қызметкері төрт көлікпен, атпен жолға шығып, тіпті тікұшақпен де іздеді. ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылық кодексінің 408-бабы бойынша, жылқы иесіне мал бағу ережесін бұзғаны үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылды, – деді департамент өкілі.

Бұған дейін жол бойында бір үйір жылқыны қағып кеткен көлік жүргізушісі туралы жазған болатынбыз.