Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Құжат талаптарына сәйкес, COVID-19 вирусын жұқтырған науқаспен жақын байланыста болған, вакцинацияланбаған азаматтар үй жағдайында 14 күнге оқшауланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі №43 Қаулысына сәйкес, енді денсаулық сақтау ұйымдарында пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісімінсіз аудио, фото, бейне түсірілімдер жүргізуге рұқсат. Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.