Қарағандыда кәсіпорындағы өрттің шығу себебі аталды
Қарағандыда кәсіпорындағы өрттің шығу себебі аталды
© CC0 / pixabay.com
109
оқылды
Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қалдықтарды қайта өңдеу зауытындағы өрттің себебі айтылды. Барлығы кәсіпорынның 1000 шаршы метр ашық алаңы өртке оранды. Өртті сөндіруге 95 адам мен 23 техника, сонымен қатар "ҚТЖ" екі өрт сөндіру пойызы жұмылды.
"Карпатская көшесіндегі кәсіпорында өрт болғаны туралы хабарлама сағат 19:28-де түсті. Оқиға орнына жеткенде ЖШС аумағында қалдықтарды жою және қайта өңдеу аумағында автошиналар жанып жатқаны анықталды. Өрт 22 қыркүйекте сағат 03:00-де жойылды. Өрттің шығу себебі – ашық от көзі, яғни, өртеу", – деді Қарағанды ​​облысы ТЖМ баспасөз қызметі өкілі.