Екі боксшымыз әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Екі боксшымыз әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
298
оқылды
Мәскеуде өтіп жатқан әскерилер арасындағы бокстан әлем чемпионатында екі спортшымыз жартылай финалға шықты. 64 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына шыққан Айтжан Әшірхан ширек финалда сириялық Мұхаммад Мусататадан төрешілердің шешімімен басым түсті. Абзал Құттыбеков Люксембург өкілі Мишель Эрпелдингті жеңді. Ол енді 91 келіге дейін салмақтың жартылай финалында жұдырықтасады. Бұған дейін жартылай финалға Теміртас Жүсіпов пен Рүстем Шәуменов шыққан еді.