Мектепке шабуылдан оқушылар қаза тапты
Мектепке шабуылдан оқушылар қаза тапты
Фото: Интернеттен алынды
199
оқылды
Ливия астанасы Триполидің оңтүстігіндегі мектепке белгісіз біреулер шабуыл жасады, – деп жазады 24.kz. Салдарынан 3 бала қаза тауып, тағы бір оқушы ауыр жарақат алған.
Бұл ақпаратты жергілікті билік өкілдері растады. Аймақтағы жауласқан тараптар осы оқиғаға қатысты жауапкершілікті өз мойнына алмай, бір-бірін айыптап жатыр.
Еске сала кетейік, қарулы қақтығыс өршіп тұрған Ливияда оқ атпау келісімі осымен бірнеше рет бұзылды. Дүниежүзін алаңдатқан Ливия мәселесі жуырда Берлиндегі халықаралық конференцияда кеңінен талқыланды. Жиынға қатысушылар БҰҰ-ның Ливияны қару-жарақпен қамтамасыз етуді тоқтатуды қолдауға уағдаласқан болатын.