Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді, – деп хабарлайды 24.kz.
Байланыс жүйесіндегі қажетті өзгерістерге керек шығындар операторлардың өз есебінен жүргізіледі. Қазақстан екі жыл ішінде толықтай дербес телефон кодына өтеді деп жоспарланған.ҚР ЦДИАӨМ байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнар Бөкеева: «Жаңа кодты пайдалану 2023 жылдың қаңтар айынан басталады. 2025 жылдың қаңтарына дейін екі код: +7 және +997 коды бірге қолданылады. Себебі, халыққа ыңғайлы болу тиіс. Ең бірінші Қазақстан елі үшін бөлек коды болады. Екіншіден, нөмірлер ресурсын көбірек үлестіруге мүмкіндік береді», – деді.
Бұған дейін Қазақстанға жеке телефон коды берілетіні туралы жазған болатынбыз.