«Шаңырақ» мәдени-сауық орталығының директоры мен кассиріне қатысты үкім шықты. Бұл туралы AstanaTV хабарлайды.
Олар 2 жыл бойы жалған құжаттар жасап, қазынадан 40 миллион теңге жымқырған. Алайда сотталушылар кінәсін мойындамады. Судья олардың жасы мен шығынның бір бөлігін қайтарғанын ескеріп, жазаны жеңілдеткен.Телеарнаның мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі 2 жыл бұрын «Шаңырақ» мәдени-сауық орталығының директорына қатысты қылмыстық іс қозғаған.Павлодар қалалық №2 сотының бас маманы Гүлсім Ақтаева: «Олар сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде, қызмет бабын пайдалана отырып, адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы талан-таражға салу фактісі бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – деді.
Орталық директорының мемлекетке 10 миллион теңгеден астам шығын келтіргені және бұл іске басқа да лауазымды тұлғалардың қатысы бар екені айтылған болатын.