Мемлекет басшысы Алматыдағы атысқа қатысты пікір білдірді – видео
Мемлекет басшысы Алматыдағы атысқа қатысты пікір білдірді – видео
Фото: rudnyi-altai.kz

«Алматыда болған қайғылы оқиғаға жеке тоқталғым келеді. Қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына тағы да көңіл айтамын. Полицейлер мен сот орындаушысы өздерінің қызметтік борышын атқарды. Адам өлтіруді ақтауға болмайды. Қайғылы жайттың мән-жайын анықтау қажет. Үкімет пен Алматы әкімдігі қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің барлығына, ең әуелі балаларға қолдау көрсетуі тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент кредит беретін мекемелер мен қарызы қордаланған несие төлеушілердің мәселесін шешу үшін заңды жетілдіру керек екенін де айтты. Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық реттеу агенттігі бір ай ішінде қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныс дайындауы тиіс.

*Ескерту: Алматыдағы атысқа қатысты Президент пікірін видеоның 33:38 сәтінен бастап көре аласыздар.   https://youtu.be/9qMhMjP8u-0